Сұрақтарға соңғы жауаптар

ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты облыс әкімінің орынбасары С. А. Карплюктің төрағалығымен өткен кеңес

2018-07-27
ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты облыс әкімінің орынбасары С. А. Карплюктің төрағалығымен өткен кеңес
ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты облыс әкімінің орынбасары С. А. Карплюктің төрағалығымен өткен кеңес

2018 жылғы 26 шілдеде облыс әкімінің орынбасары С. А. Карплюктің төрағалығымен кеңес өтті. Кеңеске барлық аудан әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
«Мемсараптама» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры А. У. Жакупов кіріспе сөз сөйледі, күн тәртібіндегі мәселелерді және филиалдың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік қызметінің қорытындыларын баяндап, «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Қ. Ж. Қажкеновке сөз берді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 8 маусымда күшіне енуіне байланысты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аумақтық бөлімшелері шаруашылық қызметінің І санаттағы құрылыс объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бере отырып, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыруды белгілеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында шаруашылық қызметтің 2-4 санаттағы құрылыс объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруді жүзеге асыруын қамтамасыз етсін.
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгеннен кейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға және эмиссияларға өтінімдер қабылдау бірыңғай портал арқылы жүзеге асырылатын болады және 45 жұмыс күні шеңберінде мемлекеттік сараптама және эмиссияға рұқсат беру арқылы экологтардың қорытындысы жүргізілетін болады. Осылайша, «бір терезе» қағидасы кеңеюде.
Экологтар қандай артықшылықтар алады: Тапсырыс берушімен онлайн-хат алмасу, ескертулер генерациялау және деректерді «Мемсараптама» РМК-мен синхрондау, ал тапсырыс берушілер үшін артықшылықтар келесіде пайда болады: бұл уақытты үнемдеу, ЖСҚ-ны қайтару аз, теріс қорытындылар саны және құжаттарды бір мезгілде алу.
Сондай-ақ барлық экология департаменттері мен басқармалары үшін оқыту іс-шаралары өткізілді, бірыңғай порталда жаңартулармен жұмыс істеу бойынша жадынамалар орналастырылды, бейне нұсқаулық жариялауға дайындалуда және тұрақты негізде техникалық қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, «НАТ» АҚ кеңесшісі В. С. Вернигора сөз сөйледі, ол epsd.kz порталы бойынша жобаны мемлекеттік сараптамаға беру туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі,сондай-ақ өтінім мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын беру туралы түсіндірді.