Сұрақтарға соңғы жауаптар

"Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері" тақырыбына семинар»

2018-11-15
"Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері" тақырыбына семинар»
"Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері" тақырыбына семинар»
"Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері" тақырыбына семинар»

"Мемсараптама" РМК бұйрығына сәйкес, қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру бойынша іс-шараларды орындау шеңберінде 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында "Мемсараптама" РМК Астана қаласындағы филиалының базасында "Мемсараптама" РМК аумақтық бөлімшелерінің сарапшылары үшін "Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері" тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған семинардың мақсаты қазіргі қала құрылысы мен сәулет үрдістерін зерттеу, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың негізгі принциптері, ғимараттардың негізгі көлемдік-жоспарлау схемалары, сейсмикалық төзімді құрылыстағы ғимараттарды жобалау негіздері мен конструктивтік шешімдері туралы білім алу болып табылады.
Семинардың модераторы "ҚазҚСҒЗИ" АҚ болды. Дәріскер-професор Есенберлина Дильфруза Ілиясқызы.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
- жер сілкінісінің пайда болу себептері;
- сейсмикалық және сейсмикалық қауіптілік, өткен жер сілкінісі және әлемдік кеңістіктегі және Қазақстан Республикасындағы ықтимал қиратушы жер сілкіністері;
- сейсмикалық әсер ету, қазіргі сейсмикалық шкала;
- Еуропалық Достастық елдері мен Қазақстан Республикасындағы нормативтік-техникалық және заңнамалық-құқықтық нормалардың қазіргі жағдайы. Сейсмикаға төзімді құрылыста жаңа нормативтік-техникалық базаны қолдану - ҚР БК 2.03-30-2017 "Қазақстан Республикасының сейсмикалық ауданында (аймақтарында) құрылыс салу".
Семинар соңында, аттестацияны сәтті тапсырғаннан кейін қатысушыларға аттестаттау куәліктері табыс етілді.