Сұрақтарға соңғы жауаптар

Ұйымның барлық аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен жыл сайынғы кеңес.

2019-02-11

2019 жылғы 6 ақпанда "Мемсараптама" РМК орталық аппаратында ұйымның барлық аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен жылдық кеңес өтті.

Осы жылы іс-шара дәстүрлі түрде өтті. Оның алдында филиал директорларының "Табысты келіссөздер дағдылары" тақырыбында біліктілігін арттыру курсы болды.

Басшылардың жылдық кеңесінде "Мемсараптама" РМК-ның қызмет саласын жетілдіру жолдары, оның ішінде электрондық құжаттар мен қызметтік хат-хабарлар айналымын одан әрі цифрландыру, "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу рәсімдерін оңайлату, бірыңғай портал операторы мен ведомстводан тыс бірыңғай ақпараттық жүйе функцияларын сапалы орындау, дарынды жастарды қолдау мен тартудың жаңа нысандарын әзірлеу бойынша пікір алмасылды.

Кеңес қорытындысы бойынша филиал директорлары корпусы Мемлекет басшысының идеяларын қолдау мақсатында, келе жатқан жылы кәсіпорын жастарының жылы мәртебесін беру туралы шоғырландырылған ұсыныс айтылды.